«Ньюкасл» кезекті трансферін жасады

25.06.2022, 17:52
Шейхтың командасы бірнеше күн бұрын Ник Поупты сатып алған еді.
«Ньюкасл» кезекті трансферін жасады

«Лилльдің» голландиялық қорғаушысы Свен Ботман «Ньюкаслға» ауысты. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, трансфер сомасы 37 миллион еуроны құрады.

Ботман «Лилль» клубына 2020 жылы «Аякстан» 8 миллион еуроға ауысып келген еді. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген.

Еске салайық, өткен маусымда «Ньюкасл» клубын араб шейхтері сатвп алған болатын. Олар клубты қабылдаған кезде команда турнирдік кестенің қауіпті аймағында болды, сондықтан бас бапкер Стив Брюс қызметінен босатылды, ал оның орнына Эдди Хау тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×