«Манчестер Сити» клуб аңыздарына арнап ескерткіш орнатты

28.08.2021, 18:55
Ашылу салтанаты бүгінгі матч алдында өтетін болады.
«Манчестер Сити» клуб аңыздарына арнап ескерткіш орнатты

"Манчестер Сити" бүгін, 28 тамызда "Этихад" стадионының алдына орнатылатын Венсан Компани мен Давид Сильваның мүсіндерін көрсетті.

Ашылу салтанаты бүгін "Арсеналға" қарсы ойын алдында өтетін болады. Осы жазда "Манчестер Ситиден" кеткен шабуылшы Серхио Агуэроның мүсіні 2022 жылы орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, Компани 2008 жылы "Манчестер Сити" ойыншысы атанды және "қалалықтар" сапында 11 жыл ойнады. Сильва 2010 жылдың жазында "Валенсиядан" "Манчестер Ситиге" ауысып келіп, 2020 жылы қайтадан Испанияға аттанды. Ал Агуэро 2011-2021 жылдар аралығында "Манчестер Ситидің" намысын қорғады және осы жазда "Барселона" клубына ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×