«Ювентус» Роналдудың орнына жаңа шабуылшы тапты

28.08.2021, 18:26
Шабуылшы өткен маусымда ПСЖ сапында жасындай жарқылдаған еді.
«Ювентус» Роналдудың орнына жаңа шабуылшы тапты

"Эвертонның" италиялық шабуылшысы Мойзе Кин "Ювентусқа" ауысуға жақын. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында жазды.

Дереккөздің мәліметінше, "Ювентус" бұл ойыншыны 25 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен бір жылға жалға алады. Кин туриндік клубпен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Айта кетейік, Киннің орнына венесуэлалық шабуылшы Хосе Соломон Рондон "Эвертонға" ауысуы мүмкін. Шабуылшы Рафаэль Бенитес жаттықтыратын англиялық клубқа ауысқысы келетінін хабарлады. Ойыншы қазіргі клубы - "Далянь Про" командасымен келісімшартты бұзып, өзіне жақсы таныс бапкер Бенитестің қол астында ойнауды жоспарлап отыр.

Өткен маусымда Кин ПСЖ клубының намысын қорғады. Ал "Ювентус" сапындағы дебютін 2016 жылы жасаған. Ол туриндік клубтың түлегі болып саналады және негізгі командада 21 матч өткізіп, сегіз гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×