"Манчестер Юнайтед " "Тоттенхэмді" тосырқатып тастады + (бейнеролик)

23.08.2011, 17:14
"Манчестер Юнайтед " "Тоттенхэмді" тосырқатып тастады + (бейнеролик)
"Манчестер Юнайтед " ағылшын премьер лигасының 2-турында "Тоттенхэмді" тосырқатып тастады. Бұл маусымдағы алғашқы ойынында ойсырай ұтылған " Тоттенхэмге" тосынан келген бұл жағдай аталмыш клубты турнир кестесінің соңғы орнына бір-ақ жөнелтті. Ал, "қызыл сойқандар" үшін бұл кездесу бұл маусымдағы өз алаңында өткізген алғашқы ойыны болды. Сондықтан да «Олд Траффорд» трибуналары жалынды жанкүйерлерге лық толды. Бұған қоса, Алекс Фергюсон  Уэлбек, Клеверли, Джонс, Смоллинг, Де Хеа және Эванс сынды жастарды алаңға алғашқы минуттан-ақ алдыртты. Ал,  "Тоттенхэмның " 40-жастағы қақпашысына  жастарға қарсы жорыққа шығуына тура келді. Осылайша ойын басталды. Дегенмен,алғашқы таймда ауыз толтырып  айтар айшықты жағдайлар кездеспеді. Ал, ойынның екінші бөлігінің орта тұсында "қызыл сойқандар"  ойынға қызу кірісті. Алдымен, Клеверлидің сол қапталған шығарған добын  Уэлбек қақпаға енгізсе, араға он бес минут салып  алғашқы гол авторы бестікпен Андерсонға әдемі пас өткізді. Андерсон  өз кезегінде допты қақпаның бұрышына бағыттады.  Ал, бұрышқа қарай беттеген доп Фридел күзеткен қақпаның  ішінен табылды. Ойынның соңғы 15- минутында Тоттенхэм тірілгендей болды. Алайда алаңға  сэр Алекс аттандырған алыптар Гиггз, Эрнандес, Чжи Сундер оларды бұл айбатынан айықтырды. Ойын аяқталар тұста қартта болса, жасыл алаңда  жастарша жалындаған Гиггздің алға асырған добын Руни басымен сүзіп, қақпаға кіргізді. Осылайша, жалындаған жастар тобы «Тоттенхэмді» жағасынан алды. 2-турдан кейінгі ағылшын премьер лгасының турнир кестесі төмендегідей:

Манчестер Юнайтед  3 - 0    Тоттенхэм
Голдар: 61'  Д. Уэлбек,  76'  Андерсон, 87'  У. Руни
Сары қағаз: Д.Эванс 37', М.Доусон 40', Д.Дефо 90'
Манчестер Юнайтед: Д.Де Хеа, П.Эвра, Д.Эванс,  К.Смоллинг,  Ф.Джоунс, Э.Янг (П.Чжи Сун 82'), Т.Клеверли (Р.Гиггз 82'), Андерсон, Л.Нани, У.Руни, Д.Уэлбек (Х.Эрнандес 81')
Тоттенхэм: Б.Фридель, Б.Ассу-Экотто, М.Доусон, К.Уокер (В.Чорлука 45') , Ю.Кабул, Р.ван дер Варт, Н.Кранчар (Р.Павлюченко 74'),  А.Леннон, Г.Бэйл, Д.Ливермор (Т.Хаддлстоун 75 ') , Д.Дефо
22/08/2011  |  Арена: Олд Траффорд  |  Рефери Л. Проберт
www.eurosport.ru Сурет fanat1k.ru сайтынан алынды
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×