«Мақтаарал» мен «Ақтөбе» ұпай бөлісті

11.09.2022, 03:08
Константин Горовенко алғашқы матчында көшбасшы командадан ұпай алды.
«Мақтаарал» мен «Ақтөбе» ұпай бөлісті

«Мақтаарал» Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында «Ақтөбемен» кездесті. «Түркістан Аренада» өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 24-минутында Руслан Камболов алаң ортасынан гол соқты. 50-минутта «Мақтаарал» қақпасына белгіленген пенальтиді Әлібек Қасым жүзеге асыра алмады. Ал сегіз минуттан кейін Билал Себаихи он бір метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

«Мақтаарал» – «Ақтөбе» – 1:1

«Мақтаарал»: Рамиль Нұрмұхаметов (қ) – Артём Розгонюк, Руслан Юденков (к), Егор Потапов, Диёржон Арипов – Алексей Носко, Секу Думбия, Ғалымжан Кенжебек, Жан-Али Пайруз, Биллал Себаихи – Рамазан Кәрімов;

Қосалқы құрам: Сергей Литовченко (қ), Жандар Жанғалиев (қ) – Сағи Совет, Павел Чикида – Драмане Коне, Яо Леонард Джаха, Мейрамбек Серікбай, Алекс Бруно, Бекнұр Рысқұл – Бекзат Жаксыбайұлы, Дунайбек Аянхан;

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) (к) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов – Йоахим Адукор, Руслан Камболов (Юрий Логвиненко 65), Эрнест (Максим Самородов 64), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов 72), Рожерио Шина – Сердер Сердеров (Жерар Гоу 65);

Қосалқы құрам: Саша Стаменкович (қ) – Ескендір Қыбырай, Владимир Гинаитис – Артурас Жулпа, Арман Кеңесов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×