«Мақтаарал» тәжікстандық шабуылшыны керек қылмады

14.07.2022, 18:26
Футболшы тоғыз матчқа қатысып, нәтиже көрсете алмаған.
«Мақтаарал» тәжікстандық шабуылшыны керек қылмады

Тәжікстан құрамасының 23 жастағы шабуылшысы Шериддин Бобоев «Мақтааралдан» кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған екен.

Шабуылшы «Мақтааралға» осы маусым басталмай тұрып қосылған еді. Бұған дейін Шериддин малайзиялық «Пенанг» сапында өнер көрсеткен.

Бобоев атакенттік клуб жейдесінде 9 матч өткізгенімен, гол соға алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×