Марек Папшун: «Келесі кезеңге өту үшін бірде-бір гол жібермеуге тырысамыз»

28.07.2022, 16:42
Қазақстанға «Ракувтың» біршама ойыншысы келмеген екен.
Марек Папшун: «Келесі кезеңге өту үшін бірде-бір гол жібермеуге тырысамыз»

Польшалық «Ракувтың» бас бапкері Марек Папшун УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астанамен» болатын қарымта ойынға қатысты пікір білдірді:

– Әрине, «Астана» да мықты болғандықтан, біз мұнда аз ғана күш айырмашылығымен келдік. Қарсылас өте мықты болғандықтан бұл кездесу оңай болмайды деп ойлаймын. Олар бірінші ойындағыдай есептерді болдырмауға тырысады.

- «Ракув» 7 кездесудің алтауында жеңіске жетті. Бұл команданың Еуропада және Польша чемпионатында қалай ойнайтынын көрсетеді.

– Әрине, матч барысында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өту үшін бірде-бір гол жібермеуге тырысамыз.

– Бұл ойынға барлық ойыншыларыңыз келген жоқ. Командаңыз келесі кезеңді ойлап жатыр деуге бола ма?

- Мотивациямызды жоғалтқан жоқпыз. Белгілі себептері бар болғандықтан олар мұнда келмеді. Кейбіреулері жеңіл жарақат алды, кейбіреулерінде сары қағаз болды. Бірақ соған қарамастан бар күшімізді салып ойнаймыз.

– Польша мен Қазақстан арасында төрт сағаттық уақыт белдеуі бар. Үйрену қиын болды ма?

– Иә, дайындалу өте қиын болды. Сондықтан бүгін жаттығып, демалу үшін бір күн бұрын келдік.

- Командаңыздың алдағы матчқа деген ынтасы қандай? Өйткені, бірінші ойында 5:0 есебімен ірі жеңіске жеткен едіңіз.

- Біздің команданың бір мақсаты бар - Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнау. Сол мақсатымызға қарай жылжып келеміз. Сондықтан командада мотивация жағынан мәселе болмайды.

- Мұнда келу қиын болды ма?

- Сапарды ұйымдастыруға басқа адамдар жауапты болды. Мен қайда бара жатқанымызды, кіммен ойнайтынымызды білуім керек. Сондықтан ойыншылардың уақыт белдеуіне бейімделуі сияқты мәселелермен айналыстым. Бұған дейін басқа бапкеріміз осында болып, қонақүйдің қалай болатынын, ойыншылардың қайда тұратынын бақылап кетті.

- Матч жасанды төсеніште өтеді. Бұл «Астана» үшін артықшылық па?

- Бұл үлкен проблема болмайды. Өйткені менің командам бұған дейін жасанды алаңда ойнап, жаттығатын. Сондықтан бәрі керемет болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×