Армения ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы және «Краснодар» командасының бұрынғы футболшысы Маркос Пизелли қазақстандық «Ақтөбемен » 1 жылдық келісім-шарт жасасты, - деп хабарлайды Portal Estação Armênia интернет порталы.
«Ақтөбе» командасында Пизелли жалға ойнайтын болды.
"Ақтөбе" маған қаражат жағынан тиімді ұсыныс жасады, оның үстіне мен алдыңғы маусымнан көбірек ойнағым келеді. " Бұл қадам футболшылық ғұмырымдағы жаңа өрлеу деп ойлаймын ", - деді Маркос.
http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=GnozuW-HKpE
Сурет Sports.kz сайтынан алынды.
Абылайхан ЖҰМАШ