Марсело «Реал Мадридтен» кетеді

29.05.2022, 20:17
Марсело «Реал Мадрид» тарихындағы ең көп трофей жеңген футболшы атанды.
Марсело «Реал Мадридтен» кетеді

Бразилиялық қорғаушы Марсело осы маусымның соңында «Реалдан» кететінін мәлімдеді. Оның мадридтік клубпен келісім-шарты осы жазда аяқталады.

Марсело «Реалда» 2007 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол клуб үшін 545 матч өткізіп, 38 гол мен 103 нәтижелі пастың авторы атанды.

«Реал Мадридпен» бірге бразилиялық футболшы 25 трофей жеңіп алды. Осы маусымда Ла Лигада жеңіске жету арқылы Марсело Франсиско Хентоның рекордын жаңартып (23 кубок), клуб тарихындағы ең көп жүлде жеңген ойыншы атанды.

Марсело 6 рет Испания чемпионатында топ жарды, 2 рет Испания кубогін және 5 рет ел Суперкубогін, 5 мәрте Чемпиондар лигасын, 3 рет УЕФА Суперкубогін, сонымен қатар клубтар арасындағы әлем чемпионатын 4 рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×