Менди Килиан Мбаппе не үшін сағат қарыз?

25.02.2020, 15:06
Менди Килиан Мбаппе не үшін сағат қарыз?

"Манчестер Сити" қорғаушысы Бенжамен Менди "Монакода" бірге ойнаған бұрынғы əріптесі Килиан Мбаппемен арада болған қызық оқиға жайында айтты.

-«2017 жылы Чемпиондар лигасының ширек финалында "Боруссиямен" болатын алғашқы матч алдында Килианға 2 гол салсаң Rolex сағатын сыйлаймын деп айтқанмыз. Ол ойланбастан "Уайымдама, мен 2 гол салам", деп жауап берді.
Нəтижесінде ол өзі айтқан 2 голды салды. Ойыннан кейін мен" "Жақсы ойын болды. Жауапты ойында басымдыққа ие болдық",-деп едім, Килиан: "Менің сағатымды алып кел",- деп жауап берді"
,-деп еске алды франциялық ойыншы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×