Месси «Барселона» үшін өзінің 300-ші голын салды

17.02.2013, 23:02
Месси «Барселона» үшін өзінің 300-ші голын салды
БАРСЕЛОНА. 17 ақпан 2013, 16:00. BNews.kz Фото дерек көзі: fanparty.ru «Барселона» футболшысы аргентиналық Лионель Месси сенбі күні испан командасы үшін өзінің 300-ші голын салды, деп хабарлайды lenta.ru. Рекордтық доп Испания чемпионаты аясында «Гранадамен» кездесу кезінде салынды. Месси бұл жарыстың 50-ші минутында таразы басын теңестірді. Ал 73-ші минутта «Барселона» үшін 301-ші гол салды. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Бұл ағымдағы маусымда салған 37-ші голы. 2003 жылдың қарашасынан бері футболшы өз командасы үшін 365 ресми ойынға қатысқан. Еске сала кетсек, 2013 жылы қаңтарда Месси 2012 жылдың үздік футболшысы атанып, рекордтық төртінші «Алтын допты» иеленді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×