Милан Миланович: «Ыстық күнде ойнау қиынға түсті»

27.07.2022, 20:12
Келесі кезеңде «Тобыл» «Тирана» (Албания) / «Зриньски» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңңмпазымен күш сынасатын болады.
Милан Миланович: «Ыстық күнде ойнау қиынға түсті»

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович УЕФА Конференция лигасының екінші кезеңі аясында «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы өткен қарымта матч жайлы пікір білдірді:

– Біріншіден, баршаңызды осынау жеңіспен және Конференция лигасының келесі кезеңіне өтуімізбен құттықтағым келеді. Ойынды жүйелі ұйымдастыру және тактика тұрғысынан бірінші таймды жақсы өткіздік. Ал екінші таймда бірнеше жүз пайыздық сәттер болды, оларды іске асыра алмадық. Бірақ мен кездесу нәтижесіне ризамын, біз керемет ойын үлгісін көрсетпесек те, маңызды жеңіске қол жеткіздік.

Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталғанына қарамастан, ауа райы өз әсерін тигізді. Ыстық күнде ойнау қиынға соқты. Сонымен қатар «Линкольн» алаңға су сеппей, құрғақ ұстады, бұл ойынды одан әрі қиындатты. Дегенмен, жеңіске жете білген біздің футболшыларға алғысым шексіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×