Неміс Бундеслигасы. "Бавария" қатарынан төртінші ойында жеңілді

10.05.2015, 03:01
Неміс Бундеслигасы. "Бавария" қатарынан төртінші ойында жеңілді
Неміс Бундеслигасының 32-інші турында "Бавария" өз алаңында "Аугсбургке" есе жіберді. Мюнхендіктер матчтың 13-ші минутында он футболшымен қалған еді. Нойерді алмастырып қақпа күзетуге шыққан Пепе Рейна өз айып алаңында қарсыласты ережеге сай емес әдіспен тоқтатып, алаңнан қуылды. Әрі "Бавария" қақпасына пенальти белгіленді. Қонақтар пенальтиден қақпаны дәл көздей алмағанымен, жеңісті голды екінші таймда салды. Ойынның басынан белсенділік танытып жүрген Рауль Бобадилья 71-ші минутта матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. "Баварияға" бұл жеңіліс турнирлік кестеде әсер етпесі анық. Екі тур бұрын чемпиондықты ресми рәсімдеп қойған еді. Дегенмен Гвардиола шәкірттері қатарынан төртінші кездесуде қарсыласқа тізе бүгіп отыр. Ал, сейсенбі күні "Альянс-Аренада" Чемпиондар Лигасындағы қарымта матчта "Барселонаны" қабылдайды. Дортмундық "Боруссия" өз алаңында "Гертадан" басым түсті. Ал, "Боруссия М" леверкузендік "Байерді" тас-талқан етіп, қарсыластан бес ұпайға ұзап кетті. Сөйтіп келесі маусымдағы Чемпиондар Лигасының топтық турниріне тікелей жолдама алды. "Байер іріктеу" кезеңінен бастамақ. Бавария-Аугсбург 0:1 Гол: Бобадилья 71(0:1)
Боруссия Д-Герта 2:0(1:0)
Голдар: Субботич 9(1:0). Дурм 47(2:0)
Боруссия М-Байер 3:0
Голдар: Крузе 50(1:0). Херрман 82(2:0). Траоре 88(3:0)

Жарыс кестесі 

 
1  БАВАРИЯ 32 24 4 4 77-16 76
2  БОРУССИЯ М 32 18 9 5 50-23 63
3  ВОЛЬФСБУРГ 31 18 8 5 65-34 62
4  БАЙЕР 32 16 10 6 59-35 58
5  АУГСБУРГ 32 14 4 14 39-40 46
6  ШАЛЬКЕ 04 31 12 9 10 41-36 45
7  БОРУССИЯ Д 32 12 7 13 43-38 43
8  ВЕРДЕР 32 11 10 11 48-60 43
9  ХОФФЕНХАЙМ 32 11 8 13 47-52 41
10  АЙНТРАХТ Ф 32 10 9 13 54-61 39
11  МАЙНЦ 31 8 13 10 43-43 37
12  КЕЛЬН 31 8 12 11 30-36 36
13  ГЕРТА 32 9 7 16 35-50 34
14  ГАМБУРГ 32 8 8 16 22-48 32
15  ФРАЙБУРГ 32 6 13 13 33-44 31
16  ГАННОВЕР 32 7 10 15 36-54 31
17  ПАДЕРБОРН 07 31 7 10 14 29-59 31
18  ШТУТГАРТ 31 6 9 16 36-58 27
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×