Немістердің үміті

02.12.2010, 19:08
Немістердің үміті
Месут 1988 жылы 15 қазан күні Гельзеркирхен қаласында, түркиялық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. Отбасындағы қатал мұсылмандық тәрбиеге қарамастан, футбол ойынымен Озил ерте жастан ақ әуестенген. Оның аяқ доп ойынына құмарлығы сонша, достарымен таң атқаннан қара кешке дейін, Гельзеркирхен қаласының лашық аудандарында ала доптың қыр – сырын үйрену үшін, ұзақ уақытын жоғалтқан болатын.

Бұлақ көрсен көзін аш

Футболға деген баласының әуестігі, әкесі Мұстафа Озилдің назарынсыз қалмады. Әкесі, Озилді болашақ футбол жұлдызы болатынына нық сеніп, оның лашық аудандарда емес, арнайы футбол мектебінде оқу керек деп шешкен. Мұстафа баласының әрбір сабағына қатысып, футболшы ретінде өсуін мұқият бақылаумен болды. Күнделікті жаттығуларында қарқынды жұмыс істеуді талап етті. Тынымсыз еңбеттің, әке ақылының арқасында жанарлы жігіттің лепесі қабыл болып, шынайы әуесқой футболшыға айнала шықты.

Алғашқы қадамдары

Месут өзінің әуесқой футболшы ғұмырын, туған қаласының намысын қорғайтын «Шальке 04» сапында бастаған. Гельзеркирхендік команда құамында алғашқы ойынын Герман кубогі жолында «Байермен» өткізген матчта алаңға шыққан болатын. Бундеслигада лауазымы көкте шырқаған команданың   сапында айтарлықтай тәжірибе жинап, 2008жылы  31қаңтарда Томас Шафф баптайтын Бремендік «Вердермен» келісім – шарт жасасады.  Бремендік музыканттардың  қатарында Озил нағыз футбол шеберіне айналады. Ол туриндік «Ювентуске» ауысқан, команданың жарық жұлдызы Диегоны лайықты түрде алмастырып, команданың лидерлерінің бірі болды. 2010жыл  тамыздың 15 ші жұлдызында Месут Озилдің мадридтік «Реалға» ауысатыны мәлім болды. Қазіргі таңда Озил, герман елі аумағынан тыс жерде өнер көрсететін ең қымбат неміс футболшысы болып саналады. 2010 жылы қарашаның 1 күні белгілі болғандай, оның трасферлік құны 27 млн. еуроға тура келеді.

Ұлттық құрама

Ататүріктің ұрпақтары Озилді өзінің этникалық отаны Түркия құрамасы   ойнайды деп үміт қылған еді, бірақ ерімтал жігіттің шешімі түрік жанкүйерлерін жерге тығып кетті. Ол туған ел – торғын бесігін қалап, яғни герман азаматтығын қабылдап 2007 жылы герман жастар құрамасына шақырту алады. Ал 2009жылы 5ақпанда бундесманштафтың негізгі құрамасында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. 2010 жылы өткен әлем біріншілігіннде Месут Гана құрамасына гол соғу арқылы германдықтарды плей-оф кезеңіне алып шыққан болатын. ОАР да өткен әлем мундиалында Озил командасымен қола жүлдеге ие болып, турнирдің символикалық құрамына енген. Жетістіктері: Командалық; «Шальке 04» Герман кубогінің финалына жеткен: 2007 «Вердер» Бремен УЕФА кубогінің фиалына жеткен: 2009 Герман кубогінің иегері: 2009 Ұлттық құрама: Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010

Әзірлеген Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×