«Алтын доп» – биыл кімге бұйырмақ?

02.12.2010, 19:12
«Алтын доп» – биыл кімге бұйырмақ?
Алтын доп (фр. Ballon d'Or) — жыл сайынғы футбол сыйлығы. Бұл сыйлықпен жыл қорытындысы бойынша үздік атанған ойыншы марапатталады. Жылдың ең үздік футболшысын анықтау идеясын 1956 жылы «France Football» журналының бас редакторы Габриэлем Ано ұсынған болатын. Ол өз әрептестеріне алғаш дауыс беру арқылы «Блэкпул» командасының ойыншысы Стенли Мэтьюзді үздік деп анықтаған. Бастапқыда журналисттер тек еуропалық клубтарда ойнайтын, еуропалық ойыншыларға дауыс беруге құқықтары болған. Сондықтан да, алғашқы кезде Диего Марадона, Пеле сынды топтан торай шалдырмас футболшылар бұл атаққа ие бола алмайтын. Содан кейін, 1995 жылы бұл ережелерге өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер бойынша «алтын допты» барлық нәсілдегі ойыншылар алуға болатын болды, тек олар еуропалық командаларда ойнауы тиіс еді. Бірінші еуропалық емес футболшы ретінде бұл атаққа «Миланның» намысын қорғаған Джордж Веа қол жеткізді. Ал, 2007 жылы ережеге тағы да өзгерістер енгізілді. Бұл жолы «алтын допты» әлемнің  кез-келген командасында ойнайтын, барлық ұлт өкілдеріне қол жетімді болды. Осыған байланысты жеңімпазды анықтайтын журналистердің де саны арта түсті. Еуропа тарапынан үздіктерді анықтайтын 52 тілшінің саны 96 ға дейін өскен болатын. Былтырдан бастап бұл конкурстың  өту форматы тағы да аз-маз өзгерді. Бұрында жеке-жеке бірілетін «алтын доп» пен ФИФА-ның әлемнің үздік футболшысына берілетін жүлделер бірігіп, «ФИФА ның Алтын добы» деген атпен берілетін болды. Футбол тарихында «алтын допқа» үш рет қол жеткізген даңқты үш  ойыншылар бар. Олар: Йохан Кройф, Мишель Платини және Марко ван Бастен. Соның ішінде  Мишель Платини 1983-1985 жылдар арасында бұл атаққа қатарынан қол жеткізген жалғыз ойыншы. Бұл марапатты неміс ойыншылары жиі иеленген. Олардың бес ойыыншысы, жеті рет «алтын допты» өз қанжығаларына байлаған. Қазіргі таңда  «алтын доптың» иегері «Барселона» жене Аргентина құрамсының шабуылшысы Лео Месси. Ал биылғы жылдың үздік ойыншы желтоқсанның 10 күні анықталады. Үздік атануға үміткер деген ойыншылар: Уэсли Снейдер (Нидерланды), Хави (Испания), Андреас Инеста (Испания), Диего Форлан (Уругвай), Месут Озил (Германия), Криштиану Роналду (Португаля), Лео Месси (Аргентина), Уэйн Руни (Англия), Икер Касильяс (Испания) және т.б ойыншылар.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Немістердің үміті
Серіктес жаңалықтары
×