Нұралы Әліп: «Жанкүйерлеріміздің қолдауымен жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын»

22.09.2022 10:45 Ұлттық құрама

Бүгін Беларусьті жеңіп, тарихты жазатын мүмкіндік туып отыр.

Нұралы Әліп: «Жанкүйерлеріміздің қолдауымен жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ұлттар лигасы аясында Беларусь құрамасымен өтетін ойынға қатысты пікір білдірді:

- Алдағы кездесуге дайындық өте жақсы жүріп жатыр.

- Беларусьпен өткен соңғы ойында 84-минутта гол жіберіп алдық. Бұл кездесуде біздің командаға не жетіспеді?

- Иә, Беларусьпен кездесулеріміз сәтті бола бермейді, біз оларды жеңе алмай жүрміз. Психологияға байланысты немесе Сербияда ойнағандықтан осылай болған шығар. Сондай-ақ бұл Әзербайжан мен Словакиядан кейінгі үшінші ойын болды, жігіттерге эмоция жетіспеді. Қиын матч болды. Енді өз үйімізде жанкүйерлеріміздің қолдауымен жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын.

— Бұл жолы командаға Бақтиер Зайнутдинов қосылды. Бұл командаға қалай әсер етеді?

– Тек Бактиер емес, Марат Быстров та келді. Олар әлі Ұлттар лигасында ойнаған жоқ. Қазір бас бапкер оларға тактиканы түсіндіріп, алдағы матчқа дайындап жатыр.

0 пікір