Ойыннан кейінгі ойлар. Муханов пен Стойлов баспасөзі

04.10.2016, 19:20
Ойыннан кейінгі ойлар. Муханов пен Стойлов баспасөзі
«Астана» - «Оқжетпес» арасындағы ойын 3:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары Патрик Твумаси (2) мен Азат Нұрғалиев. Ойын соңынан кейін қос команда бапкерлері баспасөз мәслихатында біршама ой айтты. Владимир МҰҚАНОВ: - Бізде ойын алдында кішкене ғана мүмкіндік болған. Қорғаныс арқылы ойнағымыз келді. Тек қана қарымта шабуылдар арқылы. Бірақ, бірден алғашқы минутта гол жіберіп алдық. Соның кесірінен одан әрі ойнау қиын болды. Біздің ойында бір жақсысы футболшыларымыз соңына дейін күресті. Тіпті, кейбір жағдайларда гол соғып кетуіміз де мүмкін еді. - Командаңызда шеттетілген ойыншылардан бөлек тағы да жарақат алғандар бар екен ғой? - Чертов пен Чижов та жарақатына байланысты шыға алмады. Чижов қазір Киевте. Куксин мен Әбілғазы секілді жастар ойнап жүр. Сондықтан да, бізде үшінші орынға таласуға мүмкіндік аз. Қазір енді жағдай қиын десек болады. Келесі маусымда командада кімдер қалатынын қазірден бастап қарастырып жатырмыз. Одан кейін «Астана» командасының бас бапкері сөз алды. Станимир СТОЙЛОВ: - Өте жақсы ойын болды. Біздің команда тамаша қарқынмен ойнады. "Оқжетпесте" де бір-екі мүмкіндік болды. Соңғы айда біздің футболшылар қатты шаршады. Біз енді кішкене демалыс аламыз. Қалғандары өздерінің ұлттық құрамаларына кетеді. - Бүгін жарақат алған Шитовтың жағдайы қалай болмақ? - Шитов 20 күндей жарақатын емдейтін болады. Бізге қатты керек ойыншы еді. Логвиненконың алаңға шыққанымен, мінекей оның орнына Шитов жарақат алып кетіп отыр. Кейбір жағдайларда біз қай стильмен ойнайтынымыз түсініксіз болып жатады. Өйткені, бірде бар футболшымыз кейде жарақатқа байланысты жоқ болып қалады. Футболда бұл өте маңызды. - Чемпиондық мәселесі шешілді деп есептейсіз бе? - 6 ұпай басымдылығымыз бар. Егер «Қайратты» сырт алаңда жеңсек онда чемпион болдық деп есептей берсек болады. Бірақ, біз ерте қуанбауымыз керек. «Қайратқа» қарсы да шабуылдап ойнайтын боламыз. Егер ұлттық құрамалардан келген футболшыларымыз жарақатсыз оралатын болса онда чемпионатқа басты көңілді бөлеміз. - Твумасиді шығармай жүріп едіңіз, бүгін көсілді ғой? - Твумаси әр ойында осылай ойнайтын болса онда ол әр матчта өнер көрсететін болады. Сонымен қатар, жақын арада кубоктық ойынға біз жастарды шығаратын боламыз. Графигіміз өте ауыр. Сондықтан да, сол күнтізбеге қарап жұмыс стейтін боламыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×