Владимир Вайсстың ұлы қамауға алынып, Словакия құрамасынан тыс қалды

04.10.2016, 19:24
Владимир Вайсстың ұлы қамауға алынып, Словакия құрамасынан тыс қалды
Катарлық «Аль-Гараф» клубы мен Словакия ұлттық құрамасының футболшысы кіші Владимир Вайсс 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Словения құрамасына көмектесе алмайды. 26 жастағы футболшы жол полиция қызметкері тоқтатқаннан кейін қан мен алкоголь тексерісінен бас тартып, нәтижесінде тұтқындалған. «Біз Вайсспен хабарласып көрдік. Өкінішке орай онымен сөйлесе алмадық. Оның адвокаты Вайсстың жақын арада құрамаға қайта оралатынын айтты. Мен онымен сөйлесемін. Ол кінәлі ме, жоқ па білмейміз. Дегенмен, ол алдағы екі матчқа қатыспайды. Бізге тыныштық керек. Бұл істің немен аяқталатынын күтеміз. Содан кейін шешім шығаруға болады. Ол біз үшін керек ойыншы. Дегенмен, командада мықтылар көп және біз оларға да мүмкіндік беруіміз қажет», – деп Словакия құрамасының бас бапкері Ян Козактың сөзін Daily Record жеткізді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×