«Ордабасы» чемпиондықтан біржола қол үзді

04.10.2011, 20:43
«Ордабасы» чемпиондықтан біржола қол үзді
Футболдан Қазақстан чемпионатында алтынға үміткер командалардың саны біреуге кеміді. Өз алаңында Қарағандының «Шахтері­мен» тең ойнаған Шымкенттің «Ордабасы» клубы чемпиондықтан біржола қол үзді. Сондай-ақ сырт алаңда «Жетісу» ұжы­мынан жеңілген «Ақтөбенің» де жағдайы мәз емес. Алда үш-ақ тур қалды. Ал қор­жынында 28 ұпайы бар Владимир Мұқа­нов шәкірттерінің осы үш ойында 35 ұпайы бар көш басындағы «Жетісуды» қуып жете­тініне сенетіндер өте аз. Екінші орындағы «Шахтерде» — 33, Одан кейінгі орында 30 ұпаймен «Астана». «Ертісте» 29 ұпай болса, «Ордабасыда» бар болғаны – 25 ұпай. Ал «екінші алтылықтың» ойын­дары тіптен тартысты өтуде. 29-турдың нәтижелері: «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» – 2:0 Голдар: Остапенко, 13. Щеткин, 84. «Ордабасы» (Шымкент) — «Шахтер» (Қарағанды) – 0:0 «Ертіс» (Кереку) — «Астана» – 3:1 Голдар: Асанбаев, 3. Данаев, 66. Мальцев, 77 – Чернышов, 86-өз қақ­па­сына. «Тобыл» (Қостанай) — «Атырау» – 4:2 Голдар: Гридин, 28. Гридин, 38. Костюк, 86. Юрин, 90 – Данилюк, 40. Нивалдо, 58. «Қайрат» (Алматы) — «Қайсар» (Қызылорда) – 2:0. Голдар: Головской, 30. Сүймағамбетов, 58. «Восток» (Өскемен) — «Тараз» – 2:1 Голдар: Буряк, 77. Згура, 90 – Габышев, 62-өз қақпасына. Автор: Нұрлан Асқарұлы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×