Поляктар доп додасына дайын

05.03.2012, 20:35
Поляктар доп додасына дайын
29 ақпанда футболдан Еуропа біріншілігіне 100 күн қалған болатын. Осыған орай, жарысты қабылдаушы елдің бірі Польшаның астанасы Варшавада салтанатты шара өткізілді. Елдің білім және ғылым сарайында Жанкүйерлер аймағының тұсауы кесілсе, Ұлттық аренада алғашқы футбол ойыны өткізілді. Варшава тұрғындары таң атқаннан бастап-ақ қала көшелерінде дүбірлі доданы еске салатын ахуал тудырды. Олар 2014 жылғы додаға қатысатын құрамалардың киімдерін киіп, қаланың ажарын аша түсті. Ал кешке футболға шын берілген жанкүйерлер жаңадан бой көтерген Ұлттық аренаға қарай ағылды. Онда Польша құрамасы еуропаның белді командаларының бірі Португалиямен шеберлік байқасқан болатын. Айтулы күннің мерекелік сипатына таблодағы 0:0 есебі ғана кесірін тигізді демесек, поляктардың азулы қарсыластарымен тең ойнауының өзі жаман нәтиже емес. Дайындаған Шалқар ЕСТЕН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×