Психология әлде Философия?

13.02.2013, 19:07
Психология әлде Философия?

Чемпиондар лигасы кеше түнде басталғанымен, биылғы жылдың ең мықты тұсаукесері бүгін болмақ. Үлкен футболды сағынысып қалған жанкүйер қауым үшін нағыз "үлкен футболдың" көкесі бүгін өтпек. "Сантьяго Бернабеуде" Реал мен "МЮ" кездеспек. Қос алыптың айқасын жер жаһандағы аладоптың артына үңілген адамның бәрі де тағатсыздана күтіп отыр. "Қаймақ түстес" корольдік клуб жеңе ме жоқ әлде "қызыл сойқан" басым түсе ме? Психолог, әрі стратег Моуриньоның асығы алшысынан түсе ме жоқ әлде, көпті көрген көнекөз, аты аңыз Сэр Алекстің абыройы асқақтай ма тағы да? Міне,басты сұрақ осында болып тұр. Десе де, барлығын түнгі сағат 1-45 те көретін боламыз. Ал оған дейін шолу жасап өтсек. 

1. Ең алдымен "Реал" сапындағы ойыншыларға назар аударсақ. Криштиану Роналду өзінің 17 хет-тригін жасады соңғы ойында. Какада ойынға етене араласа бастады. Бұл ойыншы "Миланда" жүрген кезде "МЮға" қарсы ойнаған, гол да соққан. Лука Модричте "қызылдардың" қандай екенін біледі.  Алонсо мен Эсьен де солардың қатарында. Қорғаушылар да қайтадан негізгі құрамда шыға бастады. "Мю" мен "Эвертон" ойнын стадионнан көріп келген Жозе Моуриньо тыңғылықты дайындалып, өз шәкірттерін барынша аямай ойынға салуды көздеп отыр. Осы ойыннан Маурдың тағдыры шешілмек.

2. "Мю" туралы айтар болсақ, команда осы күндері "ұрып тұр". Механизмде еш мін жоқ. Әр ойын сайын минимум 2 гол соғады. Оның біреуі әрине, Ван Персидің атында. Голландиялық сұрмерген Сэр Алексті өте қатты сыйлайтынын, әрі ол кісінің сенімін толықтай ақтап, "МЮ" клубының тарихында орын алар тұлға болып қалуды көздеп жүр. Ол үшін Персиге Лчда керемет өнер көрсету керек, ештеңені аямастан. "Реалдың" Пепе секілді бір қорғаушысы түгелге дерлік осы Ван Персиді тұсаулаумен болуы әбден ықтимал матч бойында. Әрине, тек ван Перси емес "МЮде" қауіп төндіретін негізгі ойыншылар көп. Руни, Валенсия, Янг секілді. Бірақ, голды ұратын Перси ғой.

3. Чемпионаттағы жағдайлары екі команданың екі түрлі. "Реалға" ла-лигада таласар түк қалмады. Ал "МЮ" бәсекелестерінен 12 ұпайға озып кеткен. Сондықтан, Лч бұл ұжымдар үшін өте маңызды. Баспасөз маслихатында Маур: Ұтылып қалсақ, ештеңе етпес, - депті. Ал Алекс мырза: "Биыл осы кубокты ұтуға бізде керемет мүмкіндіктер болып тұр, - деген екен.

4. Бәс тігіп, бұл ойынның нәтижесін болжауға дәтіміз шыдамайды. Болжаудың да керегі шамалы. Мұндай кезде тек футболды көріп, ләззат алу. Криштиану егер гол соқса қалайша қуанбай қала алар екен деген сауал да қызық болып отыр біз үшін.

5. Бұл ойын "эль-классико" деген сериалға қарағанда шым-шытырық, әрі қызықты өтеді деп күтемін.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×