ПСЖ Анхель Ди Марияның командадан кететінін хабарлады

21.05.2022, 17:27
Бүгін футболшы париждік клубтағы соңғы матчын өткізеді.
ПСЖ Анхель Ди Марияның командадан кететінін хабарлады

ПСЖ ресми сайтында аргентиналық футболшы Анхель Ди Марияның командадан кететінін хабарлады.

«Анхель ПСЖ тарихында өз ізін қалдырды. Жанкүйерлер оны команданың намысын қорғауға деген құлшынысы артып тұрған ақылды ойыншы ретінде еске алады. Мен барлық ПСЖ өкілдерін Ди Марияға лайықты құрмет көрсету үшін ертең «Парк дес Пренсте» бізге қосылуын сұраймын», - деді ПСЖ президенті Насер Аль-Хелайфи.

Ди Мария ПСЖ-ға 2015 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысып келген болатын. Жеті жыл ішінде аргентиналық футболшы париждік клуб үшін 294 матч өткізіп, 91 гол мен 111 нәтижелі пастың авторы атанды.

Бұған дейін 34 жастағы жартылай қорғаушының еркін агент ретінде «Ювентусқа» ауысатыны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×