Флорентино Перес Мбаппенің «Реал Мадридке» ауыспайтынын мәлімдеді

21.05.2022, 18:02
Килиан жақын күндері болашағына қатысты нақты шешім шығармақ.
Флорентино Перес Мбаппенің «Реал Мадридке» ауыспайтынын мәлімдеді

«Пари Сен-Жермен» клубының 23 жастағы жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе «Реалға» еркін агент ретінде ауыспайтын болды. Бұл туралы мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес «Бетиспен» болған ойыннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды белгілі журналист Гильем Балаге.

«Маған жаңа ғана Флорентино Перестің киім ауыстыратын бөлмеде ойыншыларға Мбаппенің жазда командаға қосылмайтынын айтқанын жеткізді. Бірдеңені растамас бұрын Мбаппенің не айтатынын күтейік», - деп жазды Балаге.

«Пари Сен-Жермен» өз кезегінде Мбаппені командада қалдыру үшін қыруар қаржы ұсынып отыр. Eurosport басылымының айтуынша, париждіктер шабуылшыға 100 миллион еуро жалақы, сондай-ақ бонус ретінде үлкен ақша ұсынған.

Мбаппе осы маусымда «Пари Сен-Жермен» сапында 45 ойынға қатысып, 36 гол соқты, 26 нәтижелі пас берді. Осы жылдың 30 маусымында оның париждік клубпен келісім-шарты аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×