Қазақстан футболының аңызы өмірден озды

21.05.2022, 22:14
Аңыз футболшы бапкер ретінде де талай жетістіктерге қол жеткізді.
Қазақстан футболының аңызы өмірден озды

73 жасында танымал футболшы әрі бапкер, Қазақстан футболының аңызы Сергей Алексеевич Гороховодацкий дүниеден озды.

Ресейдің Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында дүниеге келген ойыншы туған жерінің «Уралмашы», Омбының «Ертісі» және Төменнің «Нефтянник» командаларында ойнап, 1973 жылы Өскеменнің «Восток» командасына ауысады. Сол сәттен бастап оның тағдыры мен мансабы Қазақстанмен байланысты болып, танымал ойыншы әрі мықты бапкерге айналды. 

Сонымен қатар алматылық «Қайрат» пен Семейдің «Спартак» командасында ойнады. 

Бапкерлік қызметінде қызылжарлық «Авангард», семейлік «Спартак», елордалық «Жеңіс», қарағандылық «Шахтер», қызылордалық «Қайсар» және Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» командасын жаттықтырды. 2000 жылы елордалық командаға алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын алып берді. 

Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×