«Қайрат» есе қайтарды

27.05.2011, 14:21
«Қайрат» есе қайтарды
Футболдан Қазақстан чемпионатының тағы бір туры артта қалды. Және тосын нәтижелермен аяқталды. Алматының Орталық стадионында «Қайрат» қарсыласы «Ақтөбе» командасының тас талқанын шығарды. Осыдан он күн бұрын қарағандының «Шахтеріде» Алматыға келіп, «Қайрат» алдында тізе бүккен. Бұл жолы ақтөбеліктер сондай мақсатпен, «үш ұпай аламыз» деген оймен келген еді. Алайда матч басталысымен қонақтар ойлағандай болмады. Кездесудің небәрі 13 минутында есеп ашылып, ойын тізгінің алматылық клуб өз қолына алған болатын. Содан кейін Сидельниковтың қақпасын тағы екі рет дәл көздеген Қайраттықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік Ақтөбеде өткен ойында Қайрат қарсыласына дәл осындай есеппен жеңілген еді. Қайрат» — «Ақтөбе» 3:0 (1:0) Голдар: Головской 13 (1:0), Струков 69 (2:0), Сүюмағамбетов 80 (3:0) Қалған кездесулерде қызыққа толы болды. Чемпиондыққа бірден-бір үміткер Астананың «Локомотиві» Павлодардың «Ертісіне» қонаққа барып, 5:0 есебімен жеңілді. Кілен құрама жігіттерінен жасақталған ұжымныңбұлай ойсыра ұтылуы жарасымды емес. «Ертіс» — «Локомотив» 5:0 (2:0) Голдар: Заречный 20 (1:0), Даскалов 38 (2:0), Шабалин 64 (3:0), Даскалов 82 (4:0), Шабалин 90 (5:0) Қалған матчтарда: «Восток» — «Шахтер» 1:2 (0:2) Голы: Хижниченко 12 (0:1), Хижниченко 44 (0:2), Жұмаханов 57 (1:2) «Тобыл» — «Жетісу» 1:0 (1:0) Гол: Гридин 39 (1:0) «Атырау» — «Ордабасы» 1:1 (0:0) Голдар: Бекхан 66 (1:0), Вагнер 89 (1:1) Соғылмаған пенальти: Трайкович 72 (қақпашы) «Қайсар» — «Тараз» 1:0 (0:0) Гол: Эдейпо 71 (1:0) Алаңнан қуылды: Евстигнеев 41 Турнир кестесі:М Команда И В Н П Г О 1 «Локомотив» 13 8 3 2 18 – 12 27 2 «Ақтөбе» 13 8 2 3 23 – 11 26 3 «Шахтер» 13 8 2 3 23 – 12 26 4 «Жетісу» 13 7 4 2 21 – 8 25 5 «Ертіс» 13 7 2 4 24 – 16 23 6 «Ордабасы» 13 6 2 5 16 – 10 20 7 «Атырау» 13 3 6 4 10 – 14 15 8 «Тобыл» 13 4 2 7 18 – 19 14 9 «Қайрат» 13 4 2 7 15 – 22 14 10 «Тараз» 13 4 0 9 9 – 16 12 11 «Қайсар» 13 2 2 9 7 – 29 8 12 «Восток» 13 1 5 7 9 – 24 8 Мергендер:1 Хайруллин Марат «Ақтөбе» 8 (0) 2 Хижниченко Сергей «Шахтер» 7 (0) 3 Мане Малик «Ақтөбе» 6 (0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×