Қарсыласымыз – Испания

27.05.2011, 16:31
Қарсыласымыз – Испания
Оливер Пельцер баптайтын футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусымның 9-ы мен 17-сі аралығында Әзірбайжан астанасында өтетін «Каспий кубогы» турниріне қатысады. «Каспий кубогы» турнирінің форматы «Қазақстан Президенті кубогына» ұқсас. Турнирге қатысатын сегіз команда екі топқа бөлініп, тобында бірінші орын алғандары бас жүлдеге таласса, екінші орынға ие болғандар қола жүлдені сарапқа салады. Аталмыш турнирге Қазақстан, Испания, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және алаң иелері – Әзірбайжан құрамасы қатыспақ. «В» тобынан орын алған жерлестеріміз өз тобында Тәжікстан, Грузия және азуы алты қарыс Испаниямен ойнайды. 11 маусым күні Грузиямен ойнасақ, ертесінде испандықтармен шеберлік байқасамыз. Ал маусымның 14-інде тәжіктермен кездессек, 16 маусымда мини-финал ойындары өтеді. Аталмыш турнирге орай, жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастап та кетті. Талғар қаласындағы ұлттық құрамамыздың базасында өтетін оқу-жаттығу жиынына аға жаттықтырушы Оливер Пельцер 30 футболшыны шақыртыпты. Бірақ соның 18-і ғана Бакуге барады. Қақпашылар: Владислав Фролов («Оқжетпес»), Михаил Голубничий («Ертіс»), Владимир Грошев («Цесна»), Андрей Арабок («ЦСКА»). Қорғаушылар: Қасым Шаймұрат («ЦСКА»), Тоқтар Бақтияров («Ордабасы»), Владислав Гридасов («Оқжетпес»), Мәдияр Нұралы, Әділет Құдайберген (екеуі де – «Тараз»), Жошыхан Қанатов («Қайрат»), Қасымжан Тайыпов («Цесна»), Антон Оленич («Шахтер»), Александр Богданов («Восток»). Жартылай қорғаушылар: Алтынбек Сапаров («Атырау»), Владимир Воменко, Матвей Матвиенко (екеуі де – «Ертіс»), Дмитрий Моисеев («Шахтер»), Олег Лебедев («Оқжетпес»), Аян Мәдениетұлы (ФШМ, Алматы), Данияр Нүкебай (Талдықорған мектеп-интернаты), Иван Антипов («Ақжайық»), Алмас Әбдірахманов («Тараз»). Шабуылшылар: Әлішер Сүлей («Тараз»), Рафаэль Әлиев («Ертіс»), Әсет Қабдоллаев («Қызылжар»), Әнуар Жағыппар, Борис Донченко (екеуі де – «Цесна»), Владислав Морозов («Восток»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»). Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Қайрат» есе қайтарды
Серіктес жаңалықтары
×