Қайрат Нұрдәулетов «Астана» клубында бапкерлік қызметке тағайындалды

15.01.2022, 02:45
Ол елордалық клуб пен Қазақстан (U-21) жастар құрамасындағы жұмысын қатар алып жүрмек.
Қайрат Нұрдәулетов «Астана» клубында бапкерлік қызметке тағайындалды

39 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов «Астананың» жаттықтырушылар штабында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Ол елордалық клуб пен Қазақстан (U-21) жастар құрамасындағы жұмысын қатар алып жүрмек. Нұрдәулетов жастар құрамасын 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жаттықтырып келеді.

Ойыншы ретінде Қайрат петропавлдық «Есіл-Богатырь», алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобыл», қызылордалық «Қайсар», «Астана» және басқа да командалардың намысын қорғаған. 2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 35 матч өткізді.

Еске салайық, «Астана» өткен маусымда екінші орын алған болатын. Маусымаралық кезеңде команда тізгінін бұған дейін «Каспийді» жаттықтырған сербиялық бапкер Срджан Благоевич ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×