«Атырау» бразилиялық қорғаушымен толықты

14.01.2022 21:53 ҚПЛ

Жаңа бапкерлер де бразилиялықтарға сенім артпақ.

«Атырау» бразилиялық қорғаушымен толықты

30 жастағы бразилиялық қорғаушы Матеус Бисси «Атырауға» ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz. Келісім-шарт мерзімі маусымның соңына дейін есептелген.

Биссидің орталық қорғаушы позициясында ойнайды, бірақ артқы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады.

Матеус мансабын «Фламенгоның» екінші командасында бастады. Одан кейін бразилиялық «Марсилио Диас», литвалық «Бангу» және «Стумбрас», мальталық «Биркиркара», польшалық «Ракув», португалиялық «Туризенсе», болгариялық «Славия», бахрейндік «Аль-Мухаррак» командаларында өнер көрсетті.

Соңғы екі маусым бойы литвалық «Паневижисте» 51 матч өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.

0 пікір