Сергей Семак: «Нұралы біздің команданы күшейтеді деп ойлаймын»

15.01.2022, 03:17
Әліп бүгін ресейлік клуб сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
Сергей Семак: «Нұралы біздің команданы күшейтеді деп ойлаймын»

«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак «Қайраттың» 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліптің оқу-жаттығу жиынына шақыртылуы туралы пікір білдірді

- Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп осы оқу-жаттығу жиынында командамен бірге жұмыс істейтін болады. Бұл нұсқа қалай пайда болды?

- Сіз ресейлік төлқұжаты бар қорғаушылардың жағдайын жақсы білесіз, сондықтан команданы жасақтау өте қиын, көптеген клубтар біздің чемпионатта легионер саналмайтын ойыншыларға назар аударады. Нұралының ойынын тамашаладық, енді оны оқу-жаттығу жиынында бақылауға мүмкіндік туды. Егер ол бізге сәйкес келсе, біз бұл ойыншымен қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін түсінеміз. Нұсқалар бар, бірақ мен Нұралы біздің команданы күшейтеді және қорғаныс шебінде бәсекелестік туғыза алатын ойыншыға айналады деп үміттенемін.

Мұндай бәсекенің пайда болуы біздің жас ойыншыға мүмкіндік береді. Яғни Әліп келген жағдайда Данила Хотулев ойын практикасын алу үшін жалға кетеді.

- Нұралыға қатысты шешім осы жиынның қорытындысы бойынша шығарыла ма?

- Бірінші оқу-жаттығу жиынында шешім қабылдауға уақыт жеткілікті болады деп ойлаймын. Егер қандай да бір даулы тұстар немесе белгілі бір себептер болса, онда келесі оқу-жаттығу жиындары қажет болуы мүмкін. Бірақ біз үшін, «Қайрат» және Нұралы үшін де бір оқу-жаттығу жиыны жеткілікті болады деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×