Қайрат Нұрдәулетов: «Қателермен жұмыс істейтін боламыз»

25.09.2022 12:45 Ұлттық құрама

Бас бапкер жастардың ойынына дән риза екенін жеткізді.

Қайрат Нұрдәулетов: «Қателермен жұмыс істейтін боламыз»

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәлетов Ресеймен өткен матч (1:2) туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Pressball.

- Ойынға арналған жоспарды орындадық, жігіттерге ризамын. Иә, сәтсіздікке ұшыраған тұстарымыз болды, енді біз сол қателермен жұмыс жасаймыз. Барлығы ойдағыдай болады деп үміттенемін. Ойын мазмұны мен жігіттердің өнеріне көңілім толды. Рас, шабуылдағы ойын сәл нәтиже бермеді.

- Ресей құрамасы кездесу барысында бар болғаны сегіз соққы жасады. Командаңыздың қорғаныстағы ойынына қаншалықты көңіліңіз толады?

— Біздің өз стиліміз, өз тактикамыз болды. Беларуське қарсы өткен кездесуде ресейліктердің әрекетін мұқият зерттеп, екінші нөмірмен ойнау керек деп шештік. Біз мұны жасай алдық, мен ризамын.

– Шабуылда бәрі ойдағыдай болмады дедіңіз. Ойыншыларға қандай да бір батылдық, қысым жетіспеді деген сезім болды ма?

– Сылтау сияқты естілетін шығар, бірақ мынандай стадионда ойнай қиын болды. Ойыншылар жаттығудан кейін-ақ мұндай алаңда ойнаудың қиын болатынын айтып, шағымданды. Мүмкін, қорғанысқа көп көңіл бөлген шығармыз, жігіттер сенімсіз болған шығар. Топтық жұмыс әлі жеткіліксіз болды, команда бес күн ғана дайындалды. Бірақ осындай аз уақыт ішінде біз өте жақсы ойнадық.

– Бүгін командаңыз неге Тюкавинді ұстай алмады?

— Жақсы шабуылшы, тамаша ойыншы. Жігіттерге онымен қалай ойнау керектігін айтқымыз келді, бірақ болары болды, бояуы сіңді.

0 пікір