«Қайрат» шабуылшысы Африка Ұлттар кубогіне қатысады

25.12.2021, 16:48
Канте өткен маусымда алматылық клубтың көшбасшысына айналды.
«Қайрат» шабуылшысы Африка Ұлттар кубогіне қатысады

Гвинея құрамасының бас бапкері Каба Диавара Африка Ұлттар кубогіне қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл тізімге «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Канте де енді.

Тарихта 33-ші рет өткелі жатқан Африка Ұлттар кубогінің ойындары 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларына жоспарланған. Айта кетейік, Гвинея құрамасы Малави, Сенегал, және Зимбабвемен бір топта күш сынасатын болады.

Хосе Канте өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 38 матчқа қатысып, 17 гол соқты және 10 рет әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

31 жастағы шабуылшысы Гвинея құрамасындағы дебютін 2016 жылы жасады. Содан бері өз елінің басты командасы үшін 21 матч өткізіп, 4 мәрте мергендік танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×