Қарсыласын тістегені үшін он ойынға алаңнан шеттетілді

23.04.2015, 23:51
Қарсыласын тістегені үшін он ойынға алаңнан шеттетілді
Алаңда қарсыласын тістеуге құмар Луис Суарес қана емес екен. Голландиялық әуесқой лигада өнер көрсететін Джерри ван Ста қарсыласының арқасынан тістеп алған. Бұған дәлел ретінде Томас Смедем «Фейсбук» желісінде тістелген арқасының суретін жариялаған. «ДЕТО-ға қарсы матчта ойыншы арқамнан тістеп алды. Өкінішке қарай, бапкері мен төрешіге оны алаңнан қууға батылдық жетпеді. Мұндай адамдарға футболда орын жоқ», - деп жазда зардап шеккен футболшы. Ван Станың өзі бұл оқиғаның кездейсоқ болғанын айтады. Оның үстіне, Смедем оны ұрып жібергенін де алға тартты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×