Алматылық «Қайраттың» жаңа ойыншысы Сержиньо клубтың инфрақұрылымы жайында ойымен бөлісті.- Бразилиялық ойыншының кәсіби мансабын Қазақстанда бастағаны қызық біз үшін. «Қайраттың» ұсынысына бірден келісім бердіңіз бе?- Көп ойланған жоқпын. Қазақстанды әбден зерттеген таныс агенттерім кеңес берген соң, бас тартпадым.- Алматыда өмір сүріп жатқаныңызға бір айдан асты. Командаластармен тіл табысып бой үйреттіңіз бе?Команда мені жақсы қарсы алғандықтан ұжымға бірден сіңіп кеттім. Жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Қаланы да шарлап біраз жерді біліп қалдым.- Соңғы жылдары «Қайрат» үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бразилияда алматылық командаға ұқсас клуб бар ма?- «Қайратты» үлкен жоба ретінде алып қарасытыратын болсақ, атқарылған жұмыстар көп. Сондай-ақ алдағы уақыттағы жоспарлар бар. Жеке басыма келсек, Бразилияда мұндай клубта жұмыс істеп көрген жоқпын.