Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан 12:0 есебімен ұтылды (Видео)

Туғанбай Нұржан
Бас редактор
08.12.2020, 04:22
Осылайша сегіз ойын ұтылып, топтың соңғы орнынан бірақ шықтық.

Қазақстан әйелдер құрамасы ЕУРО-2021 чемпионатына іріктеу ойынында сырт алаңда Франция әйелдер құрамасынан 12:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтылды.

Құрама іріктеу ойындары бойынша 8 матч өткізіп, G тобында мүлде ұпай жинамай соңғы орынды иеленді. Жалпы голдар саны айырмашылығы 2-43. Ал Франция әйелдер құрамасы бірінші орынмен көш бастап топтан шықты.

Қазақстан әйелдер құрамасының 12 гол жіберген қақпашысы Ирина Сандалова матч барысында әріптестерінің ойынына көңілі толмай бірнеше рет балағаттағаны камера дыбысына айтарлықтай естілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×