Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет Беларусьті жеңіп, В лигасына жолдама алды

23.09.2022, 02:58
Магомед Адиев шәкірттері В лигасына жолдама алды және Еуропа чемпионатының жолдамасына таласып көрмек.
Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет Беларусьті жеңіп, В лигасына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші туры аясында Беларусьпен кездесті. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 2:1 есеюімен аяқталды.

Ойынның 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың пасынан кейін алаң иелерін алға шығарды. Бірақ бірінші таймның қосымша уақытында Павел Савицкий баспен гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Ал 79-минутта Бақтиер Зайнутдинов жеңіс голын соқты. Бұл жолы нәтижелі пасты Абат Айымбетов өз еншісіне жазды. Кездесудің 94-минутында команда капитаны Асхат Тағыберген екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

5 матчта 13 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы өз тобында мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленді. Бұл Магомед Адиев шәкірттеріне келесі жылы В лигасында ойнауға мүмкіндік береді.

Қазақстан – Беларусь – 2:1

Голдар: Михаил Габышев 29, Бақтиер Зайнутдинов 79 – Павел Савицкий 45+3

Сары қағаздар: Бақтиер Зайнутдинов 10, Асхат Тағыберген 39, Аслан Дарабаев 49, Эльхан Астанов 90+2 – Кирилл Печенин 42

Қызыл қағаз: Асхат Тағыберген 90+4

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 68) – Асхат Тағыберген (к), Аслан Дарабаев, Бақтиер Зайнутдинов (Исламбек Қуат 87), Рамазан Оразов (Эльхан Астанов 75) – Абат Айымбетов (Абылайхан Жұмабек 87);

Қосалқы құрам: Мухаммеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, Марат Быстров – Самат Жарынбетов, Әділет Садыбеков – Роман Мұртазаев; 

Беларусь: Егор Хаткевич (қ) – Кирилл Печенин, Руслан Юденков, Максим Швецов, Денис Поляков – Макс Эбонг, Евгений Яблонский (к), Владислав Климович (Руслан Лисакович 61), Глеб Шевченко (Владислав Малькевич 84) – Павел Савицкий (Валерий Громыко 76), Егор Богомольский (Иван Бахар 61);

Қосалқы құрам: Павел Павлюченок (қ), Максим Плотников (қ) – Илья Лукашевич, Данила Нечаев, Руслан Хадаркевич – Валерий Бочеров, Павел Седько, Дмитрий Бессмертный;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×