Қазақстан құрамасы Украинамен жолдастық матч өткізбек

24.12.2021, 22:45
Украинаға қарсы екі матч Еуропа чемпионаты алдында өтетін болады.
Қазақстан құрамасы Украинамен жолдастық матч өткізбек

Украина футзал құрамасының бас бапкері Александр Косенко 2022 жылғы Еуропа чемпионатының алдында Қазақстан құрамасымен екі ойын өткізетінін хабарлады.

«Нидерландыға аттанар алдында Украина құрамасы Қазақстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Олар 13 және 15 қаңтарға жоспарланған. Бұл командаға қарсы текетірес маңызды турнирге жақсылап дайындалуға көмектеседі деп үміттенемін», - деді Косенко Украина футбол қауымдастығының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан EURO-2022 турнирінің финалдық кезеңі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам мен Гронинген қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.

Рикардо Кака шәкірттері бұған дейін Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізген еді. Алғашқы матчта Қазақстан жеңіске жетсе (3:1), екінші ойында көршілеріміздің мерейі үстем болды (6:4).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×