Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары жаға жыртысты

17.12.2021, 03:14
Жанжал әуесқой деңгейдегі турнирде туындады.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары жаға жыртысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшылары әуесқой деңгейдегі турнирде төбелес шығарды, деп хабарлайды «Гол Емес» телеграм арнасы.

Жанжал 35 жастан асқан ойыншылар арасындағы Қазақстан чемпионаты аясындағы «Биосфера» (Қарағанды) - «Первый тренер» (Нұр-Сұлтан) матчы кезінде туындады.

Оған Қазақстан құрамасының және ҚПЛ командаларының бұрынғы ойыншылары қатысты. Атап айтсақ, Эдуард Сергиенко, Мұрат Тілешев, Александр Кислицын, Антон Чичулин, Егор Азовский секілді экс-футболшылар жаға жыртысқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×