Стас Покатилов ресейлік клубқа ауысуға жақын

17.12.2021, 03:57
Ресейлік команданың бас бапкері бұған дейін де Стаспен бірге жұмыс істеген.
Стас Покатилов ресейлік клубқа ауысуға жақын

«Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов ресейлік «Ростовқа» ауысу үшін келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

Қақпашының қызметіне бұған дейін сол «Ростовта» және Қазақстан құрамасында Стаспен бірге жұмыс істеген бас бапкер Виталий Кафанов қызығушылық танытып отыр.

Ал «Қайрат» өз кезегінде Ресейден жаңа қақпашылар іздестіруде және екі үміткермен келіссөздер жүргізіп үлгерді.

Стас Покатилов 2016 жылғы маусымда «Ростовта» өнер көрсетті, бірақ кейін «Қайратпен» келісім-шартқа отырып, Қазақстанға оралған еді.

Айта кетейік, Стас өткен маусымда «Қайрат» үшін бас-аяғы 45 кездесу өткізіп, 18 матчта қақпасын голдан аман сақтады және алматылық клубпен бірге ел кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×