Қазақстан сегiз саты төмен сырғыды

28.04.2011, 21:41
Қазақстан сегiз саты төмен сырғыды
Қазақстан футболшыларының әлемдiк рейтингтегi орны сегiз саты төмендедi. Өткен айда елi­мiздiң аяқдопшылары 132-орында тұрса, бұл жолы 140-орынға жайғасты. Әлемдiк рейтингтiң алғашқы үштiгiн Испания, Голландия және Бразилия футболшылары бастап тұр. Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарында Қазақстан құрамасымен бiр топқа түскен Германия футболшылары – 4-орында. Түркия – 30-ыншы, Бельгия – 37-орында тұр. Австрия – 73-орында. Әзiрбайжан футболшылары 107-орында тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×