Қазақстан жастар құрамасы Түркиядан минималды есеппен жеңілді

12.10.2021, 23:52
Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері төрт ойында бірде-бір ұпай жинай алмады.
Қазақстан жастар құрамасы Түркиядан минималды есеппен жеңілді

Қазақстан жастар (U-21) құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Түркиямен кездесті. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 27-минутта Түркия шабуылшысы Энис Дестан соқты. Біздің жастарымыз да қарап қалмай, қарсылас қақпасына 3 тура соққы жасады. Бірақ Дестаноглу қорғаған қақпадан саңылау табу мүмкін болмады.

Төрт ойын өткізген Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері бірде-бір ұпай ала алмай, ең соңғы орында тұр. Түркия жастары 4 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×