Қазақстандық шабуылшы мансабын Арменияда жалғастырады

03.01.2022, 19:38
Оған «Атыраудың» бұрынғы бапкері көмектесті.
Қазақстандық шабуылшы мансабын Арменияда жалғастырады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Атырау» шабуылшысы Алексей Родионов армениялық «Алашкерт» командасымен келісім-шарт жасасады.

«Оле Бразил» академиясының түлегі «Атырау» мен «Астана» клубтарында өнер көрсеткен. 2015 жылы елордалық команда сапында бір ғана ойын өткізді.

Родионовтың «Алашкертке» ауысуына «Атыраудың» бұрынғы тәлімгері Арам Восканян себепкер болды. Бұл маман жақында ғана «Алашкерттің» бас бапкері атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×