Мавутордың «Шахтердан» не себепті кеткені белгілі болды

03.01.2022, 21:20
Ол бірнеше күн бұрын малайзиялық клубқа ауысқан еді.
Мавутордың «Шахтердан» не себепті кеткені белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтердің» тәжікстандық жартылай қорғаушысы Дэвид Мавутор клубтан көп қаржы талап еткен.

Өткен маусымда өзін жақсы қырынан көрсеткен 29 жастағы футболшы жалақысы екі есе өскен жағдайда ғана Қарағандыда қалатынын мәлімдеген. Мавутордың талаптары тек «Шахтерға» ғана емес, Премьер-лиганың басқа клубтары үшін де өте жоғары болды.

Естеріңізде болса, Мавутор бірнеше күн бұрын малайзиялық «Негери Сембилан» клубының ойыншысы ретінде таныстырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×