«Реал Мадрид» «Аталанта» қорғаушысына көз тікті

04.01.2022, 00:06
Футболшының құқығы «Ювентуске» тиесілі.
«Реал Мадрид» «Аталанта» қорғаушысына көз тікті

«Аталантада» жалдау шарты бойынша ойнап жүрген «Ювентус» қорғаушысы Мерих Демирал «Реал Мадридтің» назарына ілікті. Испаниялық клубтың бас бапкері Карло Анчелотти қорғаныс шебін түрік футболшысымен күшейткісі келеді, деп хабарлайды Fanatik басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, 23 жастағы ойыншыға англиялық «Челси» мен «Ньюкасл», сондай-ақ италиялық «Наполи» қызығушылық танытып отыр. «Аталанта» Демиралды өткен жазда «Ювентустан» маусымның соңына дейін жалға алды және түрік қорғаушысын 27 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі бар.

Демирал осы маусымда А сериясы мен Чемпиондар лигасының 19 ойынында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt ойыншының нарықтық құнын 28 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×