Қазақтарға бұйырмайтын кубок

04.05.2011, 17:36
Қазақтарға бұйырмайтын кубок
Астанада өткен аптаның соңында ҚР Президентi кубогы жолындағы жарыс аяқталды. Әлемнiң алты елiнiң жасөспiрiмдер құрамасы сарапқа салған ел президентi кубогын Әзiрбайжанның жас футболшылары жеңiп алды. Қазақстанның жасөспiрiмдер құрамасы небәрi төртiншi орынға табан тiредi. Оливер Пельцер жаттықтыратын елiмiздiң жасөспiрiмдерi топтық ойыннан сүйретiлiп әзер шыққан-ды. Алғашқы ойында Өзбекстанмен тең түскен жасөспiрiмдерiмiз одан кейiн Әзiрбайжаннан 2:3 есебiмен ұтылып қалды. Топтағы соңғы ойында Иранмен тең түстi: 2:2. Осылайша, үш ойыннан екi ұпай жинаған отандастарымыз Иран мен Өзбекстанды (бұлар да топтық ойында екi ұпайдан ғана алды) доп айырмасының нәтижесi бойынша артқа тастап, В тобында екiншi орынға ие болды. Үшiншi орын үшiн болған кездесуде бiздiң жасөспiрiмдер түрiк футболшыларынан жеңiлдi: 2:3. Жарыстың бас жүлдесiне ие болған Әзiрбайжан жасөспiрiмдерi финалда Украинаны ойын соңындағы пенальти сериясынан ұтты. Бұл кездесудiң негiзгi уақытында есеп ашлымаған едi. Жалпы, ҚР президентiнiң кубогы 2008 жылдан берi ұйымдастырылып келедi. Жасөспiрiм аяқдопшылар арасында өтетiн турнирдiң алғашқы жеңiмпазы – Түркияның “Бешикташ” клубы. Одан кейiнгi жылы Бразилияның “Оле Бразил” клубы жеңiмпаз атанды. Былтыр Сербияның жастары топ жарды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×