Тең ойындар шеруi

04.05.2011, 17:40
Тең ойындар шеруi
Өткен сенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9-тур ойындары өттi. Нәтижелерi төмендегiдей: “Восток” (Өскемен) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 0:0; “Қайсар” (Қызылорда) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:2 (Тағыберген, 10-минутта – Мұхтаров, 83-минутта, Трайкович, 90-минутта, пенальтиден); “Шахтер” (Қарағанды) – “Жетiсу” (Талдықорған) – 3:3 (Мұжықов, 22-минутта, Щеткин, 26-минутта, Бақаев, 73-минутта – Хижниченко, 33-минутта, Досманбетов, 77, 86-минуттарда); “Ертiс” (Павлодар) – “Тобыл” (Қостанай) – 3:2 (Даскалов, 9-минутта, Кулибали, 78-минутта, Дорош, 90-минутта – Кислицын, 2-минутта, Юрин, 5-минутта); “Қайрат” (Алматы) – “Тараз” (Тараз) – 1:0 (Христов, 79-минутта); “Атырау” (Атырау) – “Локомотив” (Астана) – 0:0. Турнир кестесiнiң жоғарғы сатысынан орын алған командалардың денi бұл турда тең ойынды қанағат тұтты. Мәселен, Астананың “Локомотивi” сырт алаңда “Атыраумен” 0:0 есебiмен тең ойнап қайтса, “Ақтөбе” футболшылары Өскеменде “Востокпен” тең түстi: 0:0. “Шахтер” мен “Жетiсу” арасында тiркелген тең ойын (3:3) тiптен тартысты өттi. 2-турдан берi жеңiлмей келе жатқан “Жетiсу” аяқдопшылары өткен турда “Ертiспен” тең түссе, оның алдындағы турда “Ақтөбемен” ұпай бөлiскенi баршамызға белгiлi. Талдықорғандықтарды тоқтату қарағандылықтардың қолынан келуi мүмкiн деген жанкүйерлердiң ойын “Жетiсу” футболшылары жоққа шығарды. Десек те, бұл ойында талдықорғандықтар жеңiске бiртабан жақын тұр едi. Бiрақ “Шахтер” футболшылары ойын соңына дейiн табандылық танытты. Кез­десудiң 77-минутына дейiн 1:3 есебiмен жеңiлiп жатқан “кеншiлер” Серiк Досманбетовтiң көмегiмен екi доп соғып, таразы басын теңестiрдi. Бiр допты “Шахтердiң ”сапынан Сергей Хижниченко соқса, талдықорғандықтардың тарапынан Серiкжан Мұжықов, Алексей Щеткин және Ұлықбек Бақаев мергендiгiмен көзге түстi. Биылғы жазда Еуропаның Чемпиондар лигасында өнер көрсететiн “Тобылдың” халi мүшкiл қазiр. Еуропа алаңдарында ел намысын қорғайды деп жүрген командамыз турнир кестесiнiң белортасында келедi. “Елiмiздегi ортанқол командаларға тiсi батпай жүрген “Тобылдың” кәрi құрлықтың “көкжалдарына” қайдан тiсi батсын” деп те кейде ойлайсың. Қостанайлықтар бұл турда өз жанкүйерлерiн тағы бiр мәрте жабырқатты. Керекуде “Ертiспен” алаңға шыққан “Тобыл” футболшылары 2:0 есебiмен алда тұрып, артынша өз қақпаларына үш доп жiберiп алды. Равиль Сабитовтың командасының бұл төртiншi жеңiлiсi. Тоғыз ойынның тек үшеуiнде ғана жеңген қостанайлықтар намысқа қамшы баспаса, биыл жүлдеден құр қалатын түрi бар. ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК Қазақстан футбол қауымдастығының берген мәлiметi бойынша 9-тур ойындары кезiнде стадионға 22 200 жанкүйер жиналды. Ең көп жанкүйер “Ертiс” пен “Тобыл” командалары арасындағы ойынға жиналды – 5200 жанкүйер. “Восток” пен “Ақтөбе” арасындағы ойынды небәрi 1000 жанкүйер ғана тамашалады. Жалпы, премьер-лига ойындарында шығысқазақстандық жанкүйерлердiң стадионға келу белсендiлiгi өте төмен. Бұл турда төрешiлер 23 футболшыға ескерту қағазын үлестiрдi. 1 футболшы алаңнан қуылды. 9-турда барлығы он бес гол соғылды. Оның сегiзiн алаң иелерi соқса, жетi гол қонақтар жағында. Мергендер көшiн әлi де “Ақтөбе” футболшысы Марат Хайруллин бастап келедi. Хайруллиннiң iзiн ала Серiкжан Мұжықов (“Жетiсу”), Таңат Нөсербаев (“Локомотив”), Дәуренбек Тәжiмбетов (“Ордабасы”) және Анатолий Дорош (“Ертiс”) орналасқан. Бұл футболшылардың қоржынында әзiрге төрт доптан бар. 10-тур ойындары 7 мамыр күнi өтедi. Онда мына командалар кездеседi: “Локомотив” – “Ертiс”, “Ордабасы” – “Атырау”, “Жетiсу” – “Тобыл”, “Ақтөбе” – “Қайрат”, “Тараз” – “Қайсар”, “Шахтер” – “Восток”.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×