ҚОШ, «РЕАЛ»! ҚАЙТА АЙНАЛЫП КЕЛГЕНШЕ…

04.05.2011, 18:27
ҚОШ, «РЕАЛ»! ҚАЙТА АЙНАЛЫП КЕЛГЕНШЕ…
Сырт алаңда барлық ойынның тағдырын шешіп тастаған «Барселонаның» жеңісіне көп жұрт сенді. Бірақ, көңіл құрғыр, «Реал» ұтады деп желпіндік . Матч алдында, өз-өзімді жұбатып қоямын. «Реал» «Ньюкасл» немесе «Атлетико» емес ғой деп. Қолынан келгенін жасар деп… Жасап бақты ғой… Бірақ «Барселонаның» шабысына таңдай қақтық. Қызғанды дей алмаймын. Бірақ «Реалдың» өзінің мәңгілік қарсыласының алдында қауқарсыздық танытқанына қаным қайнады. Құдды, «Барса» Еуропадағы аутсайдер командалардың бірімен ойнап жатқандай көрінді маған. Талай жылдан бері ЧЛ жеңіске шөлдеген «Реал» биыл да құр алақан. Ұзаққа шабады деп тон піштік маусым алдында. Кіл мықтылар жинап алған команда құрамына һәм Жозе Моуриньоға сендік. Моуриньо қолдан келгеннің бәрі жасады. Алайда биылғы ЧЛ ұту Моуриньоның пешенесіне жазылмаса керек. Кубокты ұтқаны құрсын, ЧЛ мен Примерада алдымызды «Барселона» орап кеткеніне қынжыламыз да… Биылғы еуромаусым біз үшін аяқталды. Чемпиондар кубогының дуына түсу үшін тағы біраз күтеміз. Өкініштісі сол… ЕЛЖАН ЖЕБЕ «Барселона» жанкүйерінің қуанышы Дегенімізге жеттік. «Реал» кубокты ұтқанда ішім жылап еді. Бірақ түн артынан таң ататынына көзім жетті. «Барселона» қазір әлем футболының символы екенін дәлелдеді. Алдына келгеннің бәрін жәйпап жатқан менің командамның ендігі құрбандығы «МЮ» болар, сірә… («МЮ» жанкүйерлерінен алдын ала кешірім сұраймын) Не десекте, қос ойын бойы көңіліміз өсіп қалғанын жасырмаймын. Енді алда финал. Қай қарсылас келсе де бізге сөз емес… АСЛАН БАЙҚУАТОВ «Барселона» – «Реал» – 1:1 (0:0) Голдар: Педро 54′, Марсело 64′ «Барселона»: Вальдес, Пике, Пуйоль (Абидаль 90′), Алвеш, Маскерано, Хави, Иньеста, Бускетс, Вилья (Кейта 74′), Месси, Педро (Афеллай 90+3′) «Реал»: Касильяс, Марсело, Карвалью, Альбиоль, Арбелоа, Диарра, Алонсо, Кака (Озил 61′), Ди Мария, Игуаин (Адебайор 56′), Роналду Ескертулер: Карвалью 13′, Диарра 58′, Алонсо 69′, Марсело 75′, Педро 83′, Адебайор 85′ Төреші: Франк де Блекере (Бельгия)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×