Qazsport телеарнасы футзалдан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

09.09.2021, 00:36
Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
Qazsport телеарнасы футзалдан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада футзалдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары өтеді. Турнирге 6 топ бойынша барлығы 24 команда қатысады.

Қазақстан құрамасы А тобында Литва, Коста-Рика, Венесуэла командаларымен ойнайды.

Топтық кезең 12-20 қыркүйек аралығында өтеді. Плей-офф 1/8 финалдың матчтарымен 22-24 қыркүйекте басталады. Ширек финалдар 26-27 қыркүйекте, жартылай финалдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Финал мен үшінші орын үшін матч 3-қазанға жоспарланған.

«Qazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының барлық ойындары мен Әлем чемпионатының өзге де командалары арасындағы кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×