Роман Яремчук: «Егер Қазақстанмен болған матчта ұпай жоғалтпасақ, бірінші орында тұратын едік»

09.09.2021, 02:02
Украина бес ойында да тең түсті.
Роман Яремчук: «Егер Қазақстанмен болған матчта ұпай жоғалтпасақ, бірінші орында тұратын едік»

Украина ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук Францияға қарсы өткен ойынды (1:1) қорытындылады, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен болған матчта жоғалған ұпайларды еске алды:

- Біз тек тең ойындар өткіздік. Бірақ егер біз Қазақстанмен және Финляндиямен болған матчтарда ұпай жоғалтпасақ, біз қазір бірінші орында болатын едік. Бәрі өзіміздің қолымызда. Франциядан ұтылуға лайық болмадық, бірақ олардың голы біртүрлі болды. Рас, олардың бір соққысы қақпа бағанынан серпілді, ал Марсьяль қақпашымен бірге-бір шығып, гол соға алмады. Тең ойын - заңды нәтиже.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×