Қонысбаев «Таразға» қоныс аудара ма?

23.11.2012, 19:54
Қонысбаев «Таразға» қоныс аудара ма?

Жаңа ойыншылардан қақпа­шы Ра­миль Нұрмұхаметовпен ғана келі­сім­шарт жасалды. Ал одан өзге ешкім­мен келіссөздер жүргізіп, командаға қос­қан жоқ­пыз. Бұл Ұлан Қоныс­баев­­қа да қатысты. Қонысбаевтың «Та­­раз­ға» оралуы туралы әңгіме­лер - жай ғана сыбыс.

Соңғы кездері Ұлан Қонысбаев өзінің түлеп ұшқан клубы «Тараз» командасына қайта оралады деген сөздер желдей есті. Ұлан, шынымен де, «Таразға» ауыса ма екен? Иә, бұл сұрақтың жауабы көпшілік жанкүйерді қызықтырып жүргені рас. Сондықтан болса ке­рек, көпшіліктің көкейіндегі са­уал­ға нүкте қою үшін «Тараз» бас­шылығы клубтың ресми сайтында былай деп түсініктеме берді: - Жаңа ойыншылардан қақпа­шы Ра­миль Нұрмұхаметовпен ғана келі­сім­шарт жасалды. Ал одан өзге ешкім­мен келіссөздер жүргізіп, командаға қос­қан жоқ­пыз. Жақын арадағы жос­па­ры­мыз­да да жоқ. Бұл Ұлан Қоныс­баев­­қа да қатысты. Қонысбаевтың «Та­­раз­ға» оралуы туралы әңгіме­лер - жай ғана сыбыс. Міне, «Тараздың» ресми сай­тында осындай мәлімдеме жарық кө­р­ді. Жалпы, бүгінде клуб мүше­ле­рі еңбек демалысына шығып кет­кен. Дегенмен президент Тал­ғат Әпсаматов пен бас бап­кер Любко Петрович шығыс Еуро­па­­да іссапарда жүр. Сербия, Словения, Хор­ватия және Венгрия бірінші­ліктерін та­машалап жүрген олар клубқа қажетті ле­гио­нерлерді іздес­тіруде көрінеді. Бір­ақ ары кетсе екі-ақ жаңа легио­нермен келісімшартқа отырмақ. Өйткені өткен маусымдағы футболшы­лардың 80 пайызы «Таразбен» келісім­шарт­тарын ұзартқан. Алайда жаңа легио­нер­лер кез келген ойынның тағдырын шеше алатын­дай шебер болулары тиіс. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×