Таңат Нөсербаев «Астананың» үздік шабуылшысы атанды

23.11.2012, 18:49
Таңат Нөсербаев «Астананың» үздік шабуылшысы атанды

BAQ.kz Таңат Нөсербаев астаналық команданың үздік шабуылшысы болып танылды.  

Ол қарсыластарының қақпасына 11 рет гол соққан. Оның ішінде он голды ел чемпионатында салып, Премьер-Лиганың үздік мергендері арасынан екінші орын алды, деп хабарлайды «Астана» футбол клубы баспасөз қызметі. «Астана» командасында екінші орын Қазақстан чемпионатында алты голдың авторы әрі кубокты сарапқа салған сайыста тағы бір гол салып жанкүйерлерін қуантқан Сергей Остапенкоға берілді. Үздік шабуылшылардың алғашқы үштігін команда қоржынына 6 гол салған Михаил Рожков қорытындылады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
www.sportsarap.com
Серіктес жаңалықтары
×